Заманауи мәселелер - заманауи шешімдерді талап етеді
Дәретханаға, қоқысқа тастап кеткен балалар туралы әрбір оқиға жанымызды ауыртады.
Бір жігітке ғашық болып, жүкті болған қызды елестетіп көріңізші. Ол қыз не істейді?
1. Ең жақын адамына барады: ата-анасы. Ал, бұл жаңалыққа кез келген ата-ана қуанады десек, өтірік болар.
2. Құрбыларына барады: бұл да бір сұрақ. Қыздың жанында білімді достары болып шықса: “дәрігерге бару керек” дейді. Ал егер ондай болмаса? Ал егер оған шыққан жері белгісіз дәрілерді, шөптерді алып іш десе? «Көрші-әйел әрдайым соны ішеді, бәрі жақсы ғой» деп.
3. Дәрігерге барады: бұл жерде қорқыныш бар. Үлкен қалада қыздар бұл мәселені қандай да бір жолмен шеше алады, бірақ шағын қалаларда гинекологтың есігінің алдынан өтсе өсек тарайды, бұл ата-аналарына жетеді.
4. Жігітке айтады: қыздар бірінші осыны жасайды. Бірақ «ұяттан» құтылу үшін үйленер мекен? Немесе қасында серік болып жүрер мекен? Әлде, осының бәріне уәде беріп, қызды күткізіп уақыт өтіп кетер мекен?
Ата-анасына айтуға баталмайды, түсініксіз заттарды ішпейді, жігіті тастап кетеді және дәрігерге баруға қорқады. Ол тұзаққа түсіп, жүктілікті жасыру әрекетін ойластырады, ал бұл сосын жаман аяқталады.
Кім кінәлі? Қыз, анасы - деп шешеді жұрт.
Қазақтар қыздарын алақанына салып: “ертен бөтен үйге кетеді” деп еркелеткен. Қаншама соғыстар бастан өткенде сіздер “ей, әйелдер” деп атайтын аналар бала-шағаны аяққа тұрғызған. Біздің әжілеріміз, аналарымыз болмаса - ел қайда болар еді? Ол үлкен сұрақ.
“Бұрынғы әйелдер басқа еді” дейтіндерге “бұрынғы еркектер де басқа еді” деп айтамын.
Қыздарымызды құрметтеп, көкке көтерудің орнына неше түрлі еркектерге ұрғызып, жылатып жүрміз. Үйге жылап келген қызды “шыда” деп шығарып жібереміз. Мейлі, көмектеспей-ақ қойыңдар, бірақ қыздарымызды жерден тауып алғандай: “дәстүр” демей-ақ қойыңдар. Ұлы қазақтың дәстүрлерін олай бұрмаламаңдар, ұяттың түбі осында жатыр, ағайын!
Ғасырлар бойы қыздардың етегінің ұзындығына мән бергеніміз сонша, батырларымыздың майдан даласынан диванға қалай көшкенін байқамай қалдық. Ал әйелдер күнделікті “соғыста” өмір сүруді жалғастыруда. Қызды ғана емес, ерлерді де тәрбиелеу қажет. Бәрін қыздың мойнына асып қоймай.
Заманауи мәселелер - заманауи шешімдерді талап етеді!
Каждая история о брошенном в туалетах, в мусорных баках детях болью отзывается в нас.
Представим студентку, которая полюбила парня и забеременела. И какой у неё выход?
1. Обратиться к самым близким: родителям. И мы слукавим, если скажем, что любой родитель будет рад этой новости.
2. Обратиться к подругам и друзьям: тут уже как повезёт. Если окружение девушки окажется образованным, то ей скажут идти к врачу. А если нет? А если ей порекомендуют купить таблетки, травы неясного происхождения «потому что соседка-знакомая так делает и всё хорошо».
3. Обратиться к врачу: тут тот же страх. В большом городе ещё как-то девушки могут решить этот вопрос, а в маленьких городах достаточно посидеть в очереди к гинекологу и о ней будут слагать легенды, а это дойдет до родителей.
4. Рассказать парню: это девушки делают первым делом. Но все ли готовы жениться, чтобы «избавить от позора» или сопровождать девушку? А есть те, кто обещают всё это и девушка ждёт, а время идёт.
И вот она побоялась сказать родителям, решила не пить что попало, брошена парнем и боится идти к врачу. Она в западне и попытка скрыть беременность заканчивается страшным.
Кто виноват? Девушка и её мать - скажет общество.
Казахи баловали и лелеяли своих дочерей, зная, что завтра они уйдут в чужой дом. Те, кого пренебрежительно называют «ой, женщины», после пережитых войн ставили на ноги детей одни. Где были бы мы без наших сильных бабушек и матерей? Это большой вопрос.
Тем, кто говорит: «Раньше женщины были другими», я говорю: «Раньше и мужчины были другими».
Вместо того, чтобы оберегать наших дочерей, мы даём их бить всяким. Растоптанные, в слезах они приходят за помощью в свой дом. А мы их выгоняем со словами «терпи». Ладно, не помогайте, но и не препарируйте это «традициями», будто наши дочери беспризорные и бесправные. Не искажайте традиции казахов, выдергивая то, что удобно Вам. Иначе, вот где кроется весь «ұят»!
Мы столько веков уделяли внимание длине юбки девушек, что не заметили, как наши батыры переместились с поля боя на диваны. А женщины продолжают жить в своей ежедневной «войне». Воспитывать нужно не только девушек, но и мужчин. Хватить взваливать всю ответственность на девушек.
Современные проблемы требуют современных решений!